3258

Елордалық мәслихатта Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордалық мәслихатта Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін қалалық мәслихаттың Nur Otan фракциясының жиналысында партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы талқыланды. "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" бағдарламасының негізіне 13 басым бағыт алынды. Партияның елордалық филиалының төрағасы ретінде бағдарламаның негізгі тұстарын атап өтсем:

Бірінші. Жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету
2021-2025 жылдар арасында жыл сайын 10 мың әлеуметтік пәтер беру; 125 тұрғын үй кешені мен 150 лифтіні жөндеу; 300-ден астам отбасын апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіру.

Екінші. Үлескерлер мәселесін шешу
Бір жарым жыл ішінде "сақалды" құрылыс саны екі еседен астам азайды. Қалған 22 құрылысты 2021-23 жылдары аяқтау жоспарлануда.

Үшінші. Әлеуметтік сала
Бес жыл ішінде 50 мектеп салу жоспарланып отыр. Болашақ педагогтарды ынталандыру үшін, орта білім алуға жыл сайын 800 гранттан, жоғары білім алуға тағы 300 грант бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі жоспарлы түрде артатын болады.
"Қадамдық қолжетімдік" принципіне сәйкес, 30 қосымша "Үй маңындағы дәрігер" нысаны ашылады. Сонымен қатар, 5 медициналық мекеме салынады.

Төртінші. Елді-мекендер
6 мектеп, бірқатар медициналық орталықтар, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұдан басқа, 130 шақырым сумен жабдықтау және су жеткізу желілері, 85 шақырым нөсер кәрізі, подстанция және 177 шақырым электр желілері, 23 шақырым жылумен желілері, нөсер кәріздерін тазартатын 3 кешеннің құрылысы жүреді. Мұның бәрі - қала тұрғындарының өмір деңгейін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, елді-мекендерде аулалар абаттандырылып, 50 саябақ пен сквер, 123 шақырым велосипед жолы салынады.

Бесінші. Газдандыру, жол инфрақұрылымы, нөсер кәріздері және т. б.
Партияның сайлауалды бағдарламасында қаланы газдандыру, жолдарды жөндеу, нөсер кәріздерін салу, экология және қоршаған ортаны қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау және т. б. бағыттар ерекше көрсетілген», - деп жазды қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109