3241

Елорда әкімі орынбасарын қарамағындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін жазалады

Елорда әкімі өзінің орынбасары Б.Мәкенді қол астындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін жазалады. "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" Заңға сәйкес Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкім шыққаннан кейін осы басқармаға жетекшілік ететін әкім орынбасары отставкаға өтініш берген. Б. Мәкен жетекшілік ететіндердің қатарында білім беру, дін, жастар саясаты, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс секілді әлеуметтік маңызды салалар бар екенін атап өткен жөн.

Әкім орынбасары тағайындалғаннан бері үлкен жұмыс атқарылды және жетекшілік ететін салалардағы негізгі индикаторлар жақсартылды: үш ауысымды мектептер саны екі есеге – 8-ден 4-ке дейін, оқушы саны көп мектеп саны 22-ден 14-ке дейін қысқартылды. Пандемия кезінде қысқа мерзімде жедел штаб құрылып, 43 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды. Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін тиісті әлеуметтік орталықтар ашылды, онда олар "бір терезе" қағидаты бойынша көмек ала алады, сондай-ақ қосымша білім алып, кейіннен жұмысқа орналасуына мүмкіндік қарастырылды.

Бұдан басқа, ПТР-зертханалардың саны 1-ден 23-ке дейін ұлғайтылды, ал тест нәтижесінің уақыты 4-5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылды. Сондай-ақ, жұмыс орындарын құру және еріктілерді қолдау секілді өзге де үлкен іс жүргізілді.

Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ қылмыстық іске еш қатысы жоқ екені ескеріле отырып, Б.Мәкеннің қызметінен кету туралы өтініші қабылданған жоқ. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109