3840

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған «ZOLOTO» мейрамханасының есігіне мөр басылған қағаз тағылды

Елордада карантиндік шараларды жүйелі түрде бұзып келген мейрамхананың қызметі бір айға тоқтатылды. Мекеменің кіреберіс есігі мөр басылған қағазбен белгіленді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 29 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Тұран даңғылы, 21 мекенжайында орналасқан "Золото_Астана" ЖШС-ға қарасты "ZOLOTO" мейрамханасында жұмыс режимінің бұзылғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түскен болатын.

Жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның барысында шектеу және карантиндік шаралардың бұзу фактісі расталды. Мекемеге қатысты 319 470 теңге (қысқартылған тәртіпте) сомасына 230 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданып, шектеу және карантиндік шараларды бұзуды тоқтату туралы нұсқама берілген болатын.

Берілген нұсқамаға қарамастан, 2020 жылдың 6 желтоқсанында мейрамхана қайтадан жұмыс режимін бұзды. Келіп түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, кәсіпкерлік субъектісі ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 319 470 теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Карантиндік тәртіп бұзуды тоқтату туралы нұсқаманы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

2020 жылдың 25 желтоқсанында соттың қаулысымен "Золото-Астана "ЖШС заң бұзуды тоқтату туралы ұйғарымды орындамағаны үшін" ZOLOTO " мейрамханасының қызметін 1 айға тоқтатып, 277 800 теңге сомасында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2021 жылғы 11 ақпанда сот қаулысын орындау мақсатында "ZOLOTO" мейрамханасының кіреберіс есігі мөр басылған қағазбен белгіленді.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды, оның ішінде маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауы және жұрт көп жиналатын орындардан аулақ болуы керек. Кәсіпкерлік субъектілері  де карантиндік шектеулерді сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109