3340

Достық үйінде елордалық ҚХА-ның кеңейтілген отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында атқарылатын шараларды талқылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Биыл қастерлі Тәуелсіздік жылнамасының жаңа парағы ашылды. Бұл – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт деп білеміз.
Нұр-Сұлтан қаласы - Тәуелсіздіктің қайталанбас төлтумасы, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында елорда тек саяси-әлеуметтік, қаржылық-экономикалық мінберлердің емес, мәдени және рухани ордаға айналды», - деді қала әкімінің орынбасары.

Бақтияр Мәкен сөзін жалғай отырып, Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кең көлемде атап өту барысында халық бірлігін арттырып, елді ұйыстыруға арналған ізгі жобаларға басымдық беруге шақырғанын атап өтті.

«Бүгінгі жиналыста мен сіздерді алдағы жұмыстың бағыттарын талдауға, бірлік пен келісімнің әлеуметтік капиталын нығайтуға, этностар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа алаңдарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Сіздерден сындарлы ұсыныстар, пайдалы бастамалар және бірлескен жемісті жұмыстар күтеміз», - деді әкім орынбасары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109