2709

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жаңа спорт кешендерінің маңызын айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы спорт нысандарының маңызы жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жаңа спорт кешендері спортпен шұғылдануға баулып қана қоймай, спорт түрлерінің дамуын жаңа сапалық деңгейге шығаруға, қалалықтардың бос уақытын спортқа арнауға мүмкіндік береді!

Қазақстан теннис Федерациясы 2019 жылдың күзінде жаңа "Дәулет" теннис орталығының жұмысымен таныстырған. Бұл спорт мекемесі былтырдың өзінде қосымша - 340-тан астам баланы оқуға алуға мүмкіндік берді. Бұл бұрынғыға қарағанда 40% көп. Осылайша, қазір шамамен 1 мыңдай бала тенниспен айналысады.

Жаңа спорт кешеніне 8 жабық және 5 ашық корт, жаттығу залдары, теориялық сабақтарға арналған әдістемелік залдар, тамақтану аймағы және т. б. бар.

Барлық халықаралық талаптарға сай келетін осындай спорт мекемелерінің ашылуының арқасында еліміздің спортында жұлдызды жаңа есімдер пайда болатынына сенімдімін! Спорт кешендері - жаңадан бастап келе жатқан спортшыларымызға - трамплин, ал қалалықтар үшін - пайдалы демалыс орны.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасауға жұмыс істейміз, балалар-жасөспірімдер спорты мен федерацияларды қолдаймыз, қолданыстағы спорт нысандарын жөндейміз», - дейді қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109