2812

Елордада карантин талаптарын бұзғандарға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Демалыс күндері мобильді топ кезекті рейд барысында отбасылық іс-шара өткізгендерді анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Балқантау көшесіндегі «Бақсарай»мейрамханасында екі күн ішінде 50 жылдық мерейтой мен үйлену тойы өтті. Карантиндік талаптар сақталмаған залда 80-нен астам адам болды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ, 23:00-ден кейін жұмыс істеген «Respawn» компьютерлік клубы, ал оның ішінде 15 адам болғаны анықталды.    

«Дуранг кафесінің де жұмыс режимін бұзғаны белгілі болды. Барлық материалдар санэпидбақылау қызметіне жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сот "ZOLOTO" мейрамханасының қызметін бір айға тоқтата тұру туралы қаулы шығарған болатын. Шешімді орындау үшін 11 ақпанда мекеменің алдыңғы есіктеріне мөр басылған қағаз ілінді.

15 ақпандағы жағдай бойынша қалада карантиндік шектеулердің 330-дан астам бұзылуы анықталды. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 67, Байқоңыр ауданы бойынша – 82, Есіл ауданы бойынша – 104, Сарыарқа ауданы бойынша - 82.

Айта кету керек, коронавирустың таралуын болдырмау үшін азаматтар карантиндік шектеулер мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Кәсіпкерлік субъектілері де шектеу шараларын бұзбауы тиіс.

Сот барлығы 14 нысанның қызметін тоқтатты және жалпы сомасы 3 781 605 теңгеге әкімшілік айыппұл салды.

1 қаңтардан бастап бүгінге дейінгі аралықта шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 58 575 020 теңгеге 242 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109