3477

Омыртқа хирургиясы саласындағы танымал дәрігер елордалық нейрохирургтарға шеберлік сыныбын өткізеді

Германияның омыртқа хирургиясы клиникасының басшысы, профессор Рудольф Бертаньоли Көпбейінді қалалық ауруханалардың дәрігерлеріне өз тәжірибесін бөлісу үшін Нұр-Сұлтанға арнайы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Рудольф Бертаньоли елордалық дәрігерлер үшін «Жұлын нейрохирургиясының өзекті мәселелері» тақырыбында бес күндік шеберлік сабағын өткізеді.

Бағдарламада омыртқа мен жұлынның нейрохирургиялық ауруларының негізгі аспектілерін, этиологиясы мен патогенезін егжей-тегжейлі ашып, тыңдаушыларды жұлын нейрохирургиясының ерекшеліктерімен таныстырады.

Бүгін әлемге әйгілі дәрігер мойын омыртқасында жарықшасы бар науқасқа жасалатын ота кезінде нейрохирургтарға кеңес береді.

«Германиядан келген қонағымыздың сапарының мақсаты – жұлын нейрохирургиясы саласындағы кәсібилікті жетілдіру. Жылдар бойы жинаған білімін бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз», - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Профессор Рудольф Бертаньоли омыртқа операцияларының түрлі классикалық техникасын меңгерген. Сонымен қатар, операция жасауда өз техникасын ойлап шығарған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109