3147

Нұр-Сұлтанда алғаш рет мұнаралы крандар шығарыла бастады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел астанасында құрылыс крандары шығарыла бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрылыс индустриясындағы отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған "қарапайым заттар экономикасы" жобасы аясында елордада алғаш рет құрылыс крандарын өзіміз шығара бастадық.
Бұрын мұнаралы құрылыс крандары шетелден әкелінетін, оларды тасымалдау қымбатқа түсетін.

Бүгін елордадағы алғашқы кран жасалған цехқа бардық. Құрылыстың басты драйвер екенін ескерсек, отандық материалдар өндіру біз үшін өте маңызды. Былтыр 3 млн шаршы метр тұрғын үй салып, пайдалануға бердік. Айталық, 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салдық, биыл бұл көрсеткішті одан да арттырамыз. Бұл салада да өндірісті қолдайтын боламыз.

Алғашқы құрылыс крандарын "Лашын Фактори" ЖШС компаниясы шығара бастады. Бұл компания "Астана - жаңа қала" АЭА мүшесі, №1 индустриялық паркте орналасқан. Кәсіпорында отандық лифтілер де шығарылады. Қазір кәсіпорынды кеңейту бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Мысалы, осы лифтілер ЭКСПО кезінде қолданылып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған тұрғын үй кешендеріне де орнатылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инвесторларға қолайлы жағдай жасап, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін жұмыс істейміз. Пандемияға қарамастан, былтырдың өзінде 1 триллион теңгеден астам жеке инвестицияларды тарту мүмкін болды. 111 инвестициялық жоба қолдау тапты. Бірінші кезекте - қала тұрғындары мен қалаға қажет жобаларды қолдаймыз. Олардың қатарына - өнеркәсіп, логистика, сауда және т.б. салалардағы әлеуметтік нысандар кіреді», - деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109