2503

Елордалық «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламаның Жол картасын бекітті

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Отырыс барысында 10 негізгі сын-тегеурін анықталды. Бұл қолжетімді тұрғын-үймен қамтамасыз ету; үлестік құрылыс; әлеуметтік сала; шет аймақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды дамыту; газдандыру; жолдар мен қоғамдық көлік; нөсер кәрізі мен тазарту құрылыстары; экология; қоғамдық қауіпсіздік; шағын және орта бизнесті дамыту.

«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында белігілегендей, тұрғындарды толғандыратын аталған мәселелер қала дамуының басым бағыттарына енді. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.

Әлеуметтік салаға, яғни білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. Алдағы бес жылда 30 дәрігерлік амбулатория, жаңа көпбейінді аурухана мен перзентхана салынады.

Алдағы бес жылда халық санының өсуіне қарамастан, үш ауысымды және тығыздалған мектептердің проблемасы толық шешу жоспарланып отыр. Ол үшін 50 жаңа мектеп салуды көздеп отыр.

Елордалықтардың басым бөлігін алаңдатып отырған өзекті мәселе – қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу үшін жыл сайын 10 мың пәтер салу жоспарланып отыр.

Елордамыз «шетсіз қала» болуы тиіс. Сондықтан тұрғын үй алаптарында жайлы және толыққанды өмір сүру үшін 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 85 км нөсер кәрізі, үш нөсер кәрізін тазарту құрылыстары кешені, бір қосалқы станция және 177 км электрмен жабдықтау желілері салынады. 500 ауланы жөндеу және абаттандыру жоспарланып отыр.

Сапалы жолдар мен қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі – елордадағы жайлы өмірдің маңызды құрамдас бөлігі іспеттес. Желілердегі автобустар саны артады, маршруттық желі жаңғыртылады, бұл қала тұрғындарының көпшілігіне қоғамдық көлік қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. 300 мың автоәуесқойға қолайлы жағдай жасау үшін 250-ден астам көшеге жөндеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта қалада нөсер кәрізі желілері мен құрылыстарының жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың аяқталуы – елордадағы экологиялық жағдайды жақсартады, ғимараттар мен үйлерді су басу қаупін азайтады, қаланы таза етеді.

«Пандемия экономиканың барлық салаларына айтарлықтай әсер етті, бизнесті жүргізудің әлсіз жақтарын белгілеп, жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, өз қызметін қайта форматтауды міндеттеді. 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда (жыл сайын орта есеппен 27 мың жаңа жұмыс орнын ашу, гранттар, жеңілдетілген несиелер, субсидиялар бөлу және т.б.).

Жастар – біздің болашағымыз. Елордада шамамен 250 мың жас тұрады. Оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі, яғни жұмыс істейтін жастарға арналған «Елорда жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасын іске қосу, бизнесті дамытуға, оқуға және спортпен шұғылдануға қолдау көрсету.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы – бұл қаламыздың 5 жылға арналған даму жоспары. Аталған жоспарлар мен берілген уәделердің бәрін орындап, қол жеткіземіз», – деді «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Даулет Кәрібек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109