2563

Нұр-Сұлтанда қысқы триатлоннан қайырымдылық жарысы өтеді

Елорданың Триатлон паркінде 21 ақпан күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарыстар өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Айта кету керек, тіркеу жарналарынан түскен қаржы толығымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қайырымдылық қорына, «Саламатты болашақ» - «Спорт баршаға! Шексіз Спорт!» әлеуметтік жобаларына аударылады. Жоба ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дене шынықтыру және спорт арқылы қоғамға етене араласуына көмектеседі.

Жыл сайынғы қысқы триатлон жарыстарының ұйымдастырушылары - «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон федерациясы.

Жарыстар қысқартылған супер-спринт қашықтығында өткізіледі: жүгіру – 2 км; велоэтап – 3 км; шаңғы – 2,5 км (барлық кезең бір шеңберде өтеді).

Чемпионатта әр спортшы жеке старт арқылы қатысады, уақыт аралығы - кем дегенде 20 секунд. Оған 18 және одан жоғары жастағылар, денсаулығында спортқа қарсы кінәрат жоқ тілек білдірушілердің бәрі қатыса алады.

Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған әрбір қатысушы мәре сызығында естелік медальмен және дипломдармен марапатталады.

Өздерінің жас санаттары бойынша 1-3 орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон федерациясының кеңсесінде марапатталады.

Жарысқа қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. Олардың арасында кәсіби спортшылар мен әуесқойлар да бар. Сонымен қатар, спорттық іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына айтарлықтай әсер етеді, бұл оларды спортқа және салауатты өмір салтына баулиды.

Бүгінгі күні жарысқа қатысу үшін 173 адам тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, чемпионат 21 ақпан күні Триатлон паркінде, 8:45-те басталады.
 
Жарыс барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109