1403

Елордада қысқы триатлон жарысы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарысы өтті. «Супер спринт» қашықтығы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында өткен жарыстың ұйымдастырушылары - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы триатлон федерациясының президенті Ержан Біржанов, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Ұлжекова қатысты.

Жарысқа тек елордалықтар ғана емес, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы жиналды.

Қатысушылар жүгіруден 2 шақырым, веложарыстан 3 шақырым, шаңғы жарысынан 2,5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған жеке жарыстың әрбір қатысушысы мәре сызығында медальдармен марапатталды.

Жас санаттары бойынша I, II, III орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының кеңсесінде арнайы марапатталатын болады.

 
Сондай-ақ, іс-шараның қонақтары мен қатысушылары үшін қоғамдық тамақтану аймағы (далалық ас үй) ұйымдастырылды.

“Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат - спорт әуесқойлары мен салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында триатлон, велоспорт, жеңіл атлетика және шаңғы спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттап, бұқара халықты спортпен айналысуға шақыру”, - деп атап өтті Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.

Жарыстың ең үлкен қатысушысы - 62 жастағы Байзақ Талапнұр ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

“Қысқы триатлон жарысы өте жақсы өтуде. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мен бұл жарысқа жылда қатысамын. Бүгін жүгіруден бастап, шаңғыда жарыс жолын аяқтадым. Өте қуаныштымын. Барша жасты спортпен айналысуға шақырамын”, - деді Байзақ Сағындықұлы.

Айта кетейік, жарыстан түскен қаражат «Саламатты болашақ» - «Спорт баршаға» әлеуметтік жобасын қолдау үшін «Тең мүмкіндіктер әлемі» қайырымдылық қорына аударылатын болады.

Спорттық іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109