1073

Елордада басталған «Балалар мен театр» жобасы жыл соңына дейін жалғасады

Елордада биылдан бастап «Балалар мен театр» жобасы бастау алды. Жобаға Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театры атсалысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Оқушылармен байланыс» жобасы бойынша кесте жасалды. Оған сәйкес әр оқушы жас санатын ескере отырып, спектакльге тегін бара алады. Театрларға бару аптасына екі рет өткізіледі және балалар демалатын жазғы айларды есепке алмағанда, жылдың соңына дейін жалғасады.

Жас көрермендер театрда «Жас Абай» драмасын, «Маугли» ертегісін тамашалай алады.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай сахналанатын «Жас Абай» драмасында ақынның жалынды жастық шағы, туысқандық қарым-қатынасы, махаббат хикаясы бейнеленеді. Спектакльде ақынның танымал поэзиясы мен өлеңдеріне жазылған белгілі әндері шырқалады. Драмада алғаш рет ақынның қарындасы Кәмшаттың өлімі қозғалады. Сонымен қоса жас Абайдың үлкендердің ісіне алғаш араласа бастаған кезі де сомдалады.

Ал Р.Киплингтің атақты «Джунгли кітабы» дүние жүзіне белгілі. Маугли есімді балақайдың бастан кешкен оқиғалары, оның жақындары мен жалғыз дұшпаны көрініс табады.

Айта кетейік, елорда оқушыларына арналған қойылымдар «Nomad city Hall» сахнасында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109