827

Скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы: қала тұрғындары өз аулаларында нені көргісі келетінін таңдайды

Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы, ойын кешені ашылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Скейт-алаң, стритболға арналған орын, тыныш демалыс аймағы, ойын кешені. Осының барлығын Иманов көшесі, 10/1 және Ғабдуллин көшесі, 11 үйлердің ауласына орнату ұсынылған.

Аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімін Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы аудан тұрғындарымен өткізілген 5 кездесуден кейін әзірледі.
Естеріңізге сала кетейік, бірлескен жұмыстың мәні – тұрғындардың өздері аулада нені көргісі келетінін таңдайды. Алынған тілектерге сүйене отырып, жобалық шешім жасалып, идея жүзеге асырылады.

Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының тілектерін жинайды. Кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті ұйымдастырудың эскиздік ұсынысы пайда болады.

Жобаны ағымдағы жылы іске асыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Урбанистика орталығы осындай кездесулерді апта сайын қаланың әр ауданында өткізеді.

Жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізілуде», – деп жазады Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109