2688

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасын өткізеді

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында 2021 жылдың 27-28 ақпан күндері Алтайдың көрнекті жазушысы О.Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Ауыл хикаялары» драмасы суреткер О.Бөкейдің «Апамның астауы», «Қош, махаббатым» және «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімелерінің желісі бойынша сахналанады. Көрермендер өкініш пен қоштасу, қуаныш пен мұң, махаббат пен қимастық сезімін бастан кешіріп, кіші сахнада қойылымның қатысушына айналады. Қойылым сіздің жүрек түбіндегі ыстық сезімдерді оятып, асыл шақтарыңызды еске алуға, сіз үшін қымбат жандармен тағы бір мәрте тілдесуге, сырласуға мүмкіндік береді.

Режиссерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев, Нұржігіт Муслимов, Әли Бидахмет, суретші – Айнұр Есболатова.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:
«Апамның астауы»: Бала – Ақниет Жақсығали, автор – Нұржігіт Муслимов, апа – Ажар Шәкіржанова, Қашыбай – Бағлан Иманғазинов, музыкант (баян аспабында) – Ақжол Амантай, әнші (жеке дауыста) – Қорлан Қартқожақова.

«Қош, махаббатым»: Балағаз – Ризабек Әли, Жанна – Ділнәз Ертаева, Қапаш – Бақтияр Қуандық, Айтжамал – Меруерт Қуантаева, Рахима – Еңілік Айымғазы, Нұртөре – Қазбек Аманжол, Жарас – Әли Жарасұлы, музыкант (гитарада) – Алмас Асқарұлы, әнші (жеке дауыста) – Альбина Валиева.

«Маңдайдан бағың шайқалса»: Автор – Әли Бидахмет, Дарын Нұрсадық, Шаған – Бейбарыс Асқарбеков, Ерасыл Аханов, Апа – Гүлмира Жакилина, Ата – Айбол Шәкіржанов, Қаған – Әли Жарасұлы

«Алтайдың Кербұғысы» атанған заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің әңгімелері өміршеңдігімен, терең сырлы лирикасымен ел жүрегінен өз орнын, мәртебесін алған.

Іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109