Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Өткен тәулікте елордадан 38 мың текше метр қар шығарылды. Қалада қар күреу жұмысы кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
23 ақпаннан 24-іне қараған түні қала жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 700-ден астам арнайы техника мен 100-ден аса жол жұмысшы жұмылдырылды.
Бүгін, яғни 24 ақпанда қар күреуге 2000-ға жуық жол жұмысшы мен 1 200-ден аса арнайы техника шықты.
Айта кетейік, бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер күреледі. Одан әрі – орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. орындар.
Күрелген қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар күреу 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz