2428

Нұр-Сұлтанда жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайынғы қалалық олимпиада басталды.

Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының 94 білім беру мекемесінен 1300-ден астам оқушы қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігігің ресми сайты.

Олимпиадаға 19 орта мектеп, 27 мектеп-лицей, 33 мектеп-гимназия, 6 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп және 9 жеке мектеп қатысады.

Олимпиада апта бойы, күн сайын бірнеше пән бойынша өтеді:

22 ақпан – химия, биология;
23 ақпан - физика, география;
24 ақпан - математика, информатика;
25 ақпан - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті
26 ақпан - Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын, неміс және француз тілдері.

Олимпиада қорытындысы бойынша 2021 жылдың 2 наурызында онлайн режимде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапаттау рәсімі өтеді.

Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы номинациялар беріледі: "Олимпиаданың жаңа есімі-2021", "Олимпиаданың ең жас қатысушысы-2021", "Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы-2021", ЖМБ және ГҒБ (І, ІІ және ІІІ дәрежелі) бағыттары бойынша "Үздік олимпиадалық команда-2021".

Олимпиаданың әр күні аяқталғаннан кейін "Астана дарыны" ДДжПС сайтында (astanadaryny.kz) және Telegramm-чатта қатысушылардың жұмыстары, дұрыс жауаптар және пәндері бойынша хаттамалар жарияланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109