2707

Елорданың әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жақында аяқталады

Елордада 2004 жылы туылған бозбалаларды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталуға жақын. Осы жылдың қаңтарынан бастап «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдерімен құралған тіркеу комиссиялары өз жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қала бойынша барлығы 5 800-ден астам бозбала есепке тұруға тиіс, олардың 4 900-і әскери есепке тіркелді. Жоспарға сәйкес бір апта көлемінде бұл бағыттағы жұмыстар аяқталады.

Елордадағы ұйымдар мен кәсіпорындарының басшыларымен өздерінің ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, тіркеу учаскелеріне тіркеуге жататын азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс және оқу орнын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан және оқудан босатылды. Бұл ретте олардың жұмыс және оқу орындары, лауазымдары мен орта жалақылары сақталынды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына және «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына» сәйкес тіркелетін жылы 17 жасқа толатын ер жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында бозбалаларды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілуде. Дәрігерлік комиссия өтуі және әскери командаларды жасақтау кезінде пандемияның алдын алу шараларының барлығы қатаң қолданылып, әлеуметтік қашықтық сақталынады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі депатаменті бастығының орынбасары Ақжолтай Уалиахметов.

Ол өз сөзінде наурыздан бастап 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтарды көктемгі әскерге шақыру науқаны басталатынын мәлім етті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109