2801

Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқытуларға қатысушылармен сұқбаттасу басталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында қысқа мерзімді кәсіптік оқуларға қатысушыларды анықтау мақсатында оқыту орталықтарының басшылары, жұмыс беруші және үміткер арасында үшжақты кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сұқбаттасудың мақсаты жұмысберуші кәсіптік оқуға өтініш берушілердің арасынан өз таңдауын жасайды. Оң нәтиже алған үміткер таңдаған мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жіберіледі.

Қолына сертификат алғаннан кейін жұмысберуші ұсынған жұмысқа орналасады. Бүгінгі сұқбаттасу кондитер, аспаз, наубайшы мамандығын таңдағандар арасында өтті. Кездесу қортындысы бойынша 9 үміткер жұмыспен қамтылатын кәсіптік оқу курсына жіберілді. Алдағы күндері өзге де мамандықтарды таңдағандар арасында сұқбаттасу өтеді.

Кәсіптік оқыту мәселелері бойынша толық ақпаратты мына нөмірлерге хабарласу арқылы алуға болады: +7 775 753 43 91; 8 (7172) -95 44 24, 95 44 16.
Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті мамандықтар тізбесі мен орындарды бөлу бекітілді. Бекітілген тізімде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргізілетін 14 мамандық бар. Барлығы 200 орын бөлінді.

Сонымен, курстар аясында аспазшы (жалпы профиль) – 30 орын, наубайшы (жалпы профиль) – 15 орын, тігінші (оператор тігінші) – 30 орын, тігінші – 40 орын, шаштараз – 25 орын, кондитер – 15 орын, бақылаушы-кассир – 10 орын, тәрбиеші көмекшісі – 2 орын, тәрбиеші – 8 орын, SMM менеджері – 5 орын, дәнекерлеуші – 5 орын, слесарь-сантехник – 5 орын, кран машинисі – 5 орын, техник электрик – 5 орын.

Ал SMM менеджері мамандығы бойынша оқыту 2 ай, қалғаны үшін – 3 ай.

Бағдарламаға халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109