2271

Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел астанасында көру қабілеті нашар бүлдіршіндерге арналған балабақша, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірқатар оңалту орталықтары ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Осы көктемде қалада көру қабілеті нашар балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылады. 90 орынға есептелген мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Кенесары көшесі 9/1). Сонымен бірге, биыл ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамтуды кеңейтетін бірқатар оңалту орталықтарын ашамыз.

Жүйелі негізде мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды оңалту үшін жағдай жасау маңызды. Мәселен, өткен жылы ғана БЦП, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды. Мәселен, "Асыл Мирас" аутизм орталығы (Уәлиханов көшесі) арқылы аутистік спектрді 50% көбірек қамтыдық. Бұл жоба Болат Өтемұратов қорымен бірлесе жүзеге асырылды. Сол үйде орналасқан тағы бір оңалту орталығы БЦП, аутизм диагнозы және басқа да бірқатар аурулары бар балалармен айналысады.

№1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен "Самұрық-Қазына" қолдауымен өткен жылдың күзінде "Қамқорлық" оңалту орталығы ашылды. Бұл ДЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Қала аудандарында "үй жанындағы дәрігер" атты 29 нысан ашылды. Ипподром базасында балалар иппотерапиямен айналыса алатын жабық манеждің құрылысын жүргізіп жатырмыз. "Жастар" сарайында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді бассейн болады. Инватакси саны 2 есеге артады.

Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында "қадамдық қолжетімділік" қағидатына сай балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, үйдің жанындағы дәрігер және т.б. нысандар ашамыз.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Президент ерекше қажеттілігі бар балалардың саны өсіп келе жатқанын, оларға жан-жақты кешенді оңалту қажет екенін, "алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтердің жұмысын күшейту қажет" екенін атап өтті.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109