2174

Алғыс айту күні: елордалық театрлар педагогтарды, дәрігерлер мен полицейлерді қойылымдардың премьерасына шақырады

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Алғыс айту күні қарсаңында біз пандемия кезінде алғы шепте болған және қиын кезеңде көмектескен барша жұртқа, яғни ауруханалардан шықпай науқастардың жанында болған дәрігерлер мен медицина қызметкеріне, балаларымызды онлайн оқытқан мұғалімдерге, кез келген ауа райында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, «Біз біргеміз!» акциясына атсалысқан волонтерлерге алғыс білдіреміз», - деп хабарлады қалалық Мәдениет басқармасы.

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдары және этносаралық келісім қызметкерлері үшін спектакль өткізуде.

28 ақпанда Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері "Nomad city hall" концерт залында Оралхан Бөкейдің "Ауыл хикаялары" премьералық спектаклін көрсетеді. Драма Оралхан Бөкейдің "Апамның астауы", "Қош, махаббатым" және "Маңдайдан бағың шайқалса" әңгімелеріне негізделген.

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры 1 наурыз күні елордалық дәрігерлерді Петр Чайковскийдің әйгілі "Евгений Онегин" операсына шақырады. Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяровтың айтуынша, "Астана Опера" ұжымы осындай қиын кезеңде ерлік көрсетіп жүрген дәрігерлерге алғыс білдіріп, құрмет көрсетеді.

Сол күні "Жастар театры" ұжымы құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Б.Соқпақбаевтың "Көзіме бір көрінсең бала ғашық" сахналық повесін ұсынады.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры білім саласы қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтап, «Тыңда ...» атты музыкалық кеш ұйымдастырмақ. Театр әртістері музыка тілінде оркестрдің сүйемелдеуімен мұғалімдерге еңбегі үшін алғыс білдіреді.

Сондай-ақ, жастар саясаты саласының қызметкерлеріне арнап 1 наурыз күні М.Омарованың "Шәмші" мюзиклінің премьерасын жас көрермендер музыкалық театрының әртістері ұсынады. Ал 2 наурызда М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлерін Р.Баердің "Смешанные чувства" мелодрамасына шақырады.
Барлық спектакльдер сағат 19.00-де басталады.

Айта кету керек, іс-шаралар тиісті санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109