1680

Елордада СОО-лар мен бизнес орталықтар қалай жұмыс істейді?

Осы жылдың 1 наурызынан бастап елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы жаңа қаулысы күшіне енеді. Оған сәйкес СОО-ларға, іскерлік үйлері мен бизнес орталықтарына демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлік емес тауарларды және т.б сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 60 % қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауыстыруды қатаң түрде сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру», - делінген жаңа қаулыда.

Жексенбі күндері қаланың сауда-ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейтін болады. Сонымен, олар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленген.

Дегенмен аталған объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұз айдындарының және ролик орындарының, ойын орталықтарының жұмысына тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы тек өзімен бірге алып кетуді есептемегенде курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Онлайн форматты қоспағанда, түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын өткізуге тыйым салынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109