2226

«Ақылды аудан» жобасын жүзеге асыру үшін инноватор қауымдастығынан өтінімдер қабылдау басталды

Ел астанасында «Ақылды аудан» жобасын жүзеге асыру үшін инноватор қауымдастығының өкілдерінен өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Astana Innovations» аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Ақылды аудан» ауқымды жобасын іске асырып жатыр.

«Ақылды аудан» жобасы аясында мына бағыттар жүзеге асырылады:

1) «Ақылды басқару» (Smart Governance);
2) «Ақылды экономика» (Smart Economy);
3) «Ақылды көлік» (Smart Transport);
4) «Ақылды қоршаған орта» (Smart Environment);
5) «Ақылды қоғам» (Smart People);
6) «Ақылды өмір салты» (Smart Living).

Ақылды аудан – қазіргі уақытта белгілі ақылды технологиялар мен шешімдерді шоғырландыратын «жанды зертхана».

Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады. Ал қатысушының креативті технологиялық ұсынысы болуы қажет. Яғни қоршаған ортаға, астана тұрғындары мен қонақтарына пайдасы бар қалалық ортада қолдануға болатын өнім немесе қызмет болуы керек.

Іріктеуден өткен қатысушылар жобасын «Ақылды аудандардың» бірінде жүзеге асыруға, «Astana Innovations» компаниясының менторлық қолдауы мен трекерлігін алуға, қала басшылығына ұсынуға және IT кеңесінде өз ойын білдіруге мүмкіндік алады.

Толық ақпаратты алу және тіркелу "Ақылды аудан" жобасының сайтында қолжетімді.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 775 471 1117.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109