2292

Нұр-Сұлтанда NurSultan Cycling Team трек командасының таныстырылымы өтті

Бүгін елордада Nur Sultan Cycling Team трек командасының таныстырылымы өтті. Команда негізінен трек велоспорттағы Қазақстан ұлттық құрамасының шабандоздарынан құралған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Елорда Инфоға сілтеме жасап хабарлайды.

Nur Sultan Cycling Team – Халықаралық велосипедшілер Одағында (UCI) тіркелген трек командасы. Айта кетейік, бұған дейін 2018 жылы жабылған Astana Track Team халықаралық аренада ел намысын қорғаған болатын.

«Astana Track Team 8 жыл бойы табысты жұмыс істеді. Оның арқасында 2016 жылы Риоға жолдама алдық. Осылайша біз 2004 жылдан бері болмаған Олимпиада ойындарына лицензия алдық. Командадан талантты спортшылар шықты. Бірақ, өкінішке орай, команда 2018 жылы жабылып қалды. Дегенмен биыл Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, елорда әкімі Алтай Сейдірұлы, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті атынан Серік Жұманғалиұлы мен Нұрлан Смағұлов қорының үлкен қолдауының арқасында бұл команда қайта жанданып отыр», — деді Қазақстан велосипед спорты федерациясының бас хатшысы Әсем Қонақбаева.

Өз кезегінде ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жаңа командаға табыс пен үлкен жетістіктер тіледі.

«Мен сіздерді Мәдениет және спорт министрлігі атынан Нұр-Сұлтан қаласының тректегі велокоманданың ашылуымен құттықтаймын. Осы спорт түрін дамытқаны үшін қала әкімдігіне, ҚР Велоспорт федерациясына алғысымды білдіремін. Біз осыған дейін олимпиадалық лицензиялар жеңіп алғанбыз. Менің ойымша, команда құру арқылы алдымызда үлкен жетістіктер күтіп тұр», - деді ол.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Нұрғалиев команда әлемдік аренада ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болады деген үмітін білдірді.

«Бізде биылдан бастап велошоссе командасы құрылып жатыр. Алдағы уақытта трек командасы әлемдік аренада өнер көрсетіп, жоғары нәтижелер көрсетеді деп ойлаймын. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз», - деді басқарма басшысы.

Nur Sultan Cycling Team командасының құрылуы велоспорттың дамуына серпін береді, деп санайды республикалық Велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті Валихан Тен.

«Қазақстанда велосипед спортының тарихы биыл ерекше жанданады деп ойлаймын. Жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар әлемдік спортқа күш салып, нәтиже көрсетеді деп санаймын. Ал спортшыларға алдағы турнирлердің бәріне сәттілік, жаттықтырушыларға шыдамдылық, күш тілеймін! Біз сіздерге үлкен үміт артамыз!» — деп атап өтті Валихан Тен.

Айта кетейік, велоспорт федерациясы биыл Қазақстан бойынша bmx парктерін салуды жоспарлап отыр. Бүгінде парк жобасы еліміздің 13 өңірінде қолдау тапты.

«Федерацияның тағы бір міндеті – Сарыарқа велотрегінде UCI әдістемелік және оқу орталығын ашу. Бұл бізге ең тиімді, озық оқу процесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Биыл Ұлттық паралимпиада комитеті Велоспорт федерациясының жұмысына ризашылығын білдірді. Яғни біз жалпы инклюзивтілік аясында биылдан бастап параспортты дамытатын боламыз. Тағы бір жоба – көбінесе нашар күйдегі спорт мектептеріндегі жағдайды жақсарту», - деп қосты Әсем Қонақбаева.

Шара соңында бұқаралық және балалар спортын қолдау аясында Нұр-Сұлтан қалалық велоспорт федерациясының филиалы №6 олимпиадалық резервтегі арнайы балалар мен жасөспірімдер мектебіне 7 велосипед тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109