2839

Елорданың Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Елорданың Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, қала әкімдігінің, дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, ҚР Парламентінің депутаттары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Отырысты елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жүргізді. Өзінің құттықтау сөзінде ол ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген Алғыс айту күні - еліміздің жалпы тарихына деген құрмет екенін атап өтті. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тәуелсіздігіміздің барлық жетістігі қоғамымыздың бірлігінің арқасында мүмкін болғанын ерекше атап өтті. Бұл - Қазақстанның баға жетпес қазынасы”. Сондықтан бұл мерекенің негізгі міндеті - жас ұрпаққа ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды сіңіру.

«Бүгін Достық үйінде түрлі этнос өкілдері жиналып, өздерінің достығын, ортақ үйі – Қазақстан Республикасын гүлденген, тәуелсіз және еркін өмір сүруге деген ұмтылысын тағы бір рет көрсетті. 2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тарихымыздың маңызды кезеңі болып саналады. Волонтерлік, қайырымдылық қағидаттары Алғыс айту күнінің идеяларына жақын. Бұл – өз еркімен жасалып, қоғамға және қолдауға мұқтаж азаматтардың түрлі әлеуметтік санаттарына көмек көрсетуге бағытталған қызмет», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.
Ол сондай-ақ қаланың барлық мекемелері мен ұйымдары, этномәдени бірлестіктері «30 игі іс» қайырымдылық акциясына белсенді араласып жатқанын атап өтті. Ал елордалық ҚХА «Алғыс марафоны» қайырымдылық акциясын бастады.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Вакиль Нәбиев тұтас халықтар қазақ даласына қалай және қандай жағдайда жер аударылғанын еске салды.

«Сан қилы қиындықтардан аман қалғандар осы жерде Отанын тауып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Бастарында баспанасы бар, балаларын оқытып, тәрбиелеп жатыр. Олардың бәрі Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жүр. Бұл жерде бүкіл республика халқының зор еңбегі бар. Ең бастысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаты бәрінен ерек. Мен өзім депортацияланған отбасының ұрпағымын. Қарияларымыз ол замандағы өмір қиын болғанын әлі күнге дейін әңгімелеп отырады. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, қазақ халқы 30-жылдарғы аштықтан естерін жия алмай жатып, өзге ұлттарды жылы қабылдады. Осылайша, қазақ халқы мейірімін бөліп, жанашырлығын көрсетті», - деді ол.

Оның айтуынша, Алғыс айту күнін мерекелеудегі негізгі мақсаттың бірі – өскелең ұрпақтың бойында төзімділік, бір-біріне деген құрмет пен достық қасиеттерін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанда этносаралық және ұлтаралық келісімді нығайту.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің жұмысы жайлы оның төрайымы Алтынай Тәңірбергенова қозғап өтті.

Осылайша, кеңес Достық үйінің базасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Ana Time» жобасын іске асыруда.

«Жоба Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және «Aidyn Nury Қайырымдылық Қоры» ЖҚ-ның демеушілігімен жүзеге асырылуда. Оқыту үш модульден тұрады. Онда әйелдер психологиялық модульден өтеді. Ары қарай бастан-аяқ өзіміздің әлеуметтік бизнесті қалай ашуға болатынын үйретеміз. Ал қорытынды кезең – практикалық модуль. Онда біз ANA TIME жобасына қатысушылармен бірге жұмыс істеп тұрған әлеуметтік кәсіпкерлердің өндірістеріне барамыз. Қатысушылармен тығыз қарым-қатынас орнату және шарттар жасасу үшін нақты бір орынды немесе белгілі бір нетворкті ұйымдастырамыз. Ай сайын жобадан 20 әйел өтеді. Оған 6 айда жалпы саны 120 адам қатысады», - деді А.Тәңірбергенова.

Іс-шара соңында қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109