2706

Елордада Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Бүгін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен қалалық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес Алғыс айту күніне орайластырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеңес отырысына діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

«Кеңес отырысына біз жылына 4 рет жиналып, этносаралық қатынастарға қатысты мәселелерді талқылаймыз. Мемлекет дін мәселелеріне араласпайды. Бірақ көптеген мәселелерді шешуде діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау аса маңызды. Бұл лаңкестікке, экстремизмге қарсы күреске де қатысты. Бізге өзекті әлеуметтік, конфессияаралық тақырыптар тұрғысынан өздерінің келушілерінің көңіл күйін тереңірек білетін сарапшы-теологтардың пікірлерін білу қажет. Медицина қызметкерлерімен, педагогтармен қатар діни бірлестіктер жұртқа пандемия кезінде көмектесті. Олар дінге сенушілерді үмітсіздікке бой алдырмауға шақырды. Өз қызметтерін онлайн-трансляциялады. Бұл Кеңестің негізгі міндеті – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында айқын бағыттарды әзірлеу, сол сияқты оларды іске асыру бойынша талап ететін мәселелерді шешу үшін дін қайраткерлерімен үнемі байланыста болу», - деді әкім орынбасары кеңес барысында.

Өз кезегінде елорданың діни бірлестіктерінің басшылары қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің қоғамдық маңыздылығын атап өтті.

Соңында Бақтияр Мәкен мемлекеттік органдар мен Кеңес мүшелеріне алдағы жұмыс бойынша, сондай-ақ белгіленген мәселелерді шешу жолдарын анықтау бойынша ұсыныстар дайындауды, жұмысты талдап, басымдықтар қойып, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109