2170

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды

«Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдастары»  жобасы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік құрдастары жыл бойы ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға тәлімгерлік жасаумен,  мүмкіндігі шектеулі балаларға тренингтер мен танымдық экскурсия ұйымдастыру сияқты қайырымдылық істермен айналысады. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және азық-түлік себеттерін тарату шарасы жоспарланған.

«Бүгін тәуелсіздік құрдастары атынан бірінші шараны бастап жатырмыз. Өз атымыздан 30 шақты әлеуметтік аз қамтылған отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етеміз деген ниеттеміз. Алда бұл бастаманы ары қарай дамыту ойымызда бар. Өзім өнер саласында жұмыс істегендіктеғ жағдайы төмен отбасылардағы балаларды өнерге баулуға тырысамын», – деді Ержан Сансызбаев.

Оның айтуынша «Тәуелсіздік құрдастары» деген қоғамдық қор құрылады. Қордың басты мақсаты - қайырымдылықпен айналысып, жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созу.
Аталған қайырымдылық жобаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, елорданың белсенді жастарының бірі Алтыншаш Мұқатаева да қатысады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, тәуелсіздіктің құрдасы ретінде «30 игі іс» қайырымдылық жобасын қолға алдық. Біз шамамыз жеткенше көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға сыйлықтарымызды ұсынбақпыз. Бұл шараны тек елорда жастары бастап отырмыз. Ендігі мақсатымыз тәуелсіздіктің құрдасы саналатын еліміздің өзге өңіріндегі жастарға эстафета ретінде жолдау. Тәуелсіздік мерекесі тойланып қана қоймай, қайырымды істерге, үлкен жобаларға айналса деген үмітіміз бар», – деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109