1764

Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қазақ күресінен» Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 180 спортшы қатысты.

Жарыс «Qazaq kuresi» қауымдастығы бекіткен «қазақ күресі» ережелері бойынша өтуде. 26-сы күні жалауын көтерген үш күндік боз кілемдегі бәсекеде еліміздің 17 құрамасының балуандары -38, -42, -46, -50, -55, -60, -65, 70, -75, +75 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің  төрағасы Серік Сәпив, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен және «Құрмет» орденінің иегері,
ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров қатысты.

Бақтияр Макенұлы жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, -50,-55,-60,-65 келіде жеңіске жеткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттады.

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған қазақша күрес сайысына қош келдіңіздер. Ата бабамыздан келе жатқан дәстүрлі түрде өтетін қазақша күрес өзінің деңгейінде өтуде.  Елбасымыз, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлттық спорт түрлерін соның ішінде, қазақ күресін олимпиялық ойындар деңгейіне дейін көтеруге күш салуымыз керек. Қазақ спортын дамытуға баршамыз үлес қосуымыз қажет» деп айтқан болатын.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақтың ұлттық спорт түрлерін лайықты жоғары деңгейде көрсету керек» - деп үлкен мақсат қойды. Сондықтан біздің әрқайсымыздың міндетіміз – қазақ спортының дамуына өз үлесімізді қосу. Сондықтан да бүгінгі жарыста мына жас спортшыларға үлгі болып жүрген барша азаматтарға сәттілік тілеймін», -деді, Б.Макен өз сөзінде.

Жарыстың бас төрешісі Болат Ақжігітов карантинге байланысты әр өңірден өз салмақтары бойынша бір-бір спортшы іріктеліп алынғанын айтты.

«Чемпионатқа әр облыстан бір бір спортшы ғана жолдама алды. Жарыс барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өткізілуде.  Жарысқа рейтингтен өткен, арнайы шақырылған үздік 20 төреші төрелік етті.  Барлық балуандардың дайындық деңгейі жақсы, бәрі бір деңгейде, себебі бір жылдан кейінгі бірінші жарысымыз болғандықтан біраз спортшыларымыздың салмақтары өсті. Барлығы жоғарғы деңгейде өтуде», - деді  Болат Ақжігітов.

«Қызылорда облысы Қызылорда қаласынан осы жарысқа, яғни ҚР Чемпионатына келдім. Есімім Бауыржанұлы Шейхрахман. Жарысқа карантин режимінде дайындалдық. Сол жағынан қиындықтар болды. Бүгін жарысқа келген спортшылардың барлығы мықты, ешкім осал болмады. Белдесуде менің қарсыластарым мықты болды. Бүгін менің бағым мен бабым шауып осы жарыста жеңімпаз атанып, 1-орынды иелендім. Ақтық сында мен  Жамбыл облысының балуанымен белдестім және оны айқын басымдықпен жеңдім»,- деді Қызылорда облысының балуаны Шейхрахман Бауыржанұлы.

 Ел чемпионатының ұйымдастырушылары - Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Qazaq kuresi» қауымдастығы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109