2091

Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында пандемияның қиын кезеңдерін бірлесе еңсерген жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке қамқорлық көрсетудің, бірлік пен ынтымақтың нышаны іспеттес!

Өткен жыл бәрімізге оңай болған жоқ.  Алайда пандемияның ең қиын кездерін бірлесе еңсердік. Медицина қызметкерлері, тәртіп сақшылары, мұғалімдер, еріктілер мен жыл бойы коронавируспен күресте алдыңғы шепте тұрған жандар —
біздің заманымыздың батырлары.
Мыңдаған отбасыны құтқарып, ажал аузынан алып қалған, медициналық мекемелер мен блок-бекеттерде кезекшілік еткен жыл болды.
Еріктілер көп жұмыс атқарып, зор көмек көрсетті.

Ел басшылығы қиын кезеңдерде қолдау шаралары мен елдің одан әрі дамуын ерекше назарда ұстап келеді.

Пандемия кезінде қала тұрғындары кәсіби және адами қасиеттерін көрсете білді. Ең қиын уақыт артта қалғанымен, әлі де сақ болу қажет. Бұл сынақты тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана жеңеміз!

Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және әр отбасыға амандық тілеймін!» - деді қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109