1799

Алғыс айту күні елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды

Елордада «Алғыс айту» күніне орай әрі егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Игі істер марафоны» аясында «Magnum Cash&Cary» сауда орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға, сол сияқты «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне және Ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің өкілдері, сол сияқты Нұр-Сұлтан қалалық «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының жастармен жұмыс бөлім басшысы Ақұлан Тастемір, «Астана жастары» ЖРО өкілі Арайлым Сапарәлі, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.

«Бүгін, яғни 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бірлесіп, Magnum супермаркеттерінің қолдауымен «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларының арасындағы жалғызбасты аналарды, көпбалалы отбасыларды, Ауған соғысы ардагерлеріне, қаламыздың шалғай аудандарындағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып қайттық», - дейді жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Өз кезегінде «Астана Тазалық» ЖШС қызметкері Г. Сәдуақасова қолғабыс етіп жүрген жастарға алғысын білдірді.

«Елордалық Жас Сарбаздар мереке сайын құттықтап, қолдау білдіріп жүреді. Қақаған қыста қар күреуге көмектесіп, өздерімен бірге ыстық бауырсақтары мен шәйін әкеп көңіл-күйімізді көтеріп тұрады. Осындай жастар барда еліміздің дамуына үмітіміз мол. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Жас Сарбаздарға алғысымызды білдіреміз», - «Астана Тазалық» ЖШС қызметкері Г. Сәдуақасова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109