2020

Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақталуын ескере отырып, 2 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ал 6-8,10-сынып оқушылары қашықтан білім алады.

Пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан өткізілетін болады. «Көркем еңбек» және «Музыка» 1-5-сыныптарда қашықтан асинхронды форматта жүргізілетін болады.

Штаттық режимде мына пәндер оқытылатын болады:

- 1-сыныптарда: математика, сауат ашу, шет тілі, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, жаратылыстану, дүниетану, өзін-өзі тану;

- 5-сыныптарда: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі және орыс әдебиеті, шет тілі, математика, информатика, Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, жаратылыстану.

9-11 (12) сыныптар оқуды аралас форматта және «кезекші топтар» режимінде жалғастырады.

Оқытуды аралас форматта ұйымдастыру кезінде сабақтардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіле отырып, икемді сабақ кестесі жасалады.

Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар көбейтілді, яғни дәрістер сыныптар арасында түрлі уақытқа қойылады.

Мектептерде эпидорталық туралы анықтамалар талап етілмейді, алайда ішкі сүзгі мен дезинфекциялық іс-шаралар күшейтіледі.

Сонымен қатар, ерекше жағдайларда, ауру немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқытуға рұқсат етіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109