1624

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығында 60-қа жуық бала тегін ем алды

Елордалық «Қамқорлық» оңалту орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту орнына айналды. Мұнда емдеу тегін жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Біздің орталық неврологиялық патологиясы бар балаларға арналған. Пациенттерге арнайы мультидисциплинарлық тәсіл қолданылады. Балалармен невропатолог, реабилитолог сынды мамандардан басқа психологтар, дефектологтар айналысады. Сонымен қатар механотерапия, тұз шахтасы, шунгит бөлмесі бар», - деді «Қамқорлық» Орталығы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Әсел Шаймердинова.

Оның айтуынша, медициналық мекеме күндізгі стационар түрі бойынша 50 келушіге есептелген. Әр науқас 21 күн бойы емделеді. Жалпы, бір жыл ішінде оңалту орталығы 600-ге жуық баланы емдей алады. Бұл орталық елордада қолжетімді оңалтуды дамыту үшін жаңа үлгі болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, №1 қалалық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы Елбасының қатысуымен Тұңғыш Президент Қоры және «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Өткен жылы қалада бірқатар оңалту орталықтары ашылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109