4761

Елорда әкімдігінде наразылық білдірген аналардың талаптары тыңдалды

Наразылық білдірген аналар тобы елорда әкімдігіне жиналып, бірқатар талабын айтты. Олардың ішінде: несиелерін қосымша өшіру, кезектен тыс пәтерлер беру, 1 млн теңге көлемінде ақшалай төлемдер беру және т.б.

Белсенділердің мақсаты - басқа аналардың ойына жаңсақ пікір қалыптастыру және оларды адастыру. Мұндай заңсыз талаптар орындалмайды. Тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр, әлеуметтік пәтерлер тек кезек бойынша беріледі.

Өздерін агрессивті ұстаған белсенділердің арасында бұрын заңға сәйкес және кезек бойынша пәтер алғандар бар екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, келгендердің бәрі бірнеше рет қабылдауда, оның ішінде елорда әкімінің азаматтарды қабылдауында болған. Оның қорытындысы бойынша оларға заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілген болатын. Бұл күндері наразылық білдіруші аналарға әкім орынбасарлары - Бақтияр Мәкен мен Нұрлан Нүркенов, басқарма басшылары қосымша түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, әйелдер Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша»бірқатар заңнамалық актілерге қанағаттанбайтынын атап өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов аналармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады, заңнамалық актілердің нормаларын түсіндірді.

Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік көмек пен тегін қызметтер көрсетіледі: мүгедек баланы тәрбиелеушілерге ай сайынғы жәрдемақы, бала күнінен 1-топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша ай сайынғы жәрдемақы, оңалтудың техникалық құралдарының 55 түрін, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуді, қалалық көлік маршруттарында тегін жол жүруді, инватаксиді алу мүмкіндігі бар. Мүгедек адамдарға (I, II топтар) тіс протездеу қызметтері; біржолғы ақшалай төлемдер, АӘК, қатты отын алуға әлеуметтік көмек және т.б.

Елорда әкімдігі өткен жылы ғана бірқатар Оңалту орталықтарын салды, жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында медициналық орталықтар, оңалту орталықтары ашылуда, инватакси саны 2 есеге ұлғайды, "үйдегі дәрігер" жобасының 29 объектісі ашылды және т.б. Аталған шаралардың бәрі жүйелі негізде жүргізілуде.

2020 жылы елорда әкімі, оның орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 9,5 мыңнан астам азаматты қабылдады. Осы жылдың екі айында мыңға жуық қала тұрғыны жолықты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109