2681

Елордада алдағы демалыс күндері өтетін мәдени іс-шаралардың кестесі жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының мәдени ошақтары алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтарына арнап премьералық қойылымдар, 8 наурыз халықаралық аналар мерекесі қарсаңында концерттер, көрмелер мен экскурсиялар өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» сахнасында 6-7 наурыз күндері сағат 18:00-де В.Шукшиннің әңгімелері бойынша «Светлые думы» қойылымының премьерасы өткізіледі.

«Наз» мемлекеттік би театры 5 наурыз күні сағат 18:00-де халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге!» тақырыбында концерт өткізеді.

«Сәкен Сейфуллин мұражайы» 5 наурыз күні Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов» атты онлайн дәріс өткізеді. Дәрісті Instagram желісіндегі Seifullin_museum және bizbirgemiz парақшаларынан көруге болады.

Мемлекеттік академиялық филармония 6 наурыз күні «Жұлдыз болғың келсе» атты концертіне шақырса, 7 наурызда «Жан Анам» атты концертін қояды.

Өз кезегінде «Қуыршақ театры» 5 наурыз күні сағат 14:00-де, 16:00-де Т. Хасанғалиеваның «Ана құдыреті» ертегісін жұртшылық назарына ұсынса, 6 наурыз күні 12:00, 14:00, 16:00 уақытында Р. Киплингтің «Маугли» шығармасын орындайды.

«Бейбітшілік және Келісім Сарайы» бірқатар іс-шаралар кешенін өткізеді. Нақтырақ тоқталсақ, 6 наурызға дейін күнделікті 09:30-18:00 аралығында «Туған жер» атты балалар мен жасөспірімдер студиясының хореография, хор, актерлік шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ 7 наурызға дейін 10:00-18:00 аралығында күнделікті елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған экскурсиялар өткізеді. Сол сияқты дәл осы аралықта «Жаңа көзқарас» атты қазақстандық бейнелеу өнерінің көрмесі ұйымдастырылады. 6 наурыз күні Almaty Symphony Orchestra ұжымының музыкалық директоры Ержан Кулибаевтың қатысуымен «ВИРТУОЗДАР» концерті өткізіледі.

«Тәуелсіздік сарайы» да бірқатар көрме өткізеді. 2-7 наурыз күндері 10:00-18:00 аралығында «Елорда бейнесі» көркемөнер, «Нұр-Сұлтан қаласына сыйлықтар», «Uly Dala Juregi» көрмесі кешенін, сондай-ақ Тәуелсіздік сарайының елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған экскурсиялар өткізеді.

«Бәйтерек» ғимаратында да қала жұртшылығын экскурсиялар күтіп тұр.

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ғимаратында 5 наурыз күні сағат 12:00-де «О, әйел, сенен басқа сұлу жоқ!..», «Әйел бейнесі, әдемі бейне», ал 7 наурызда «Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-Жыр!» атты іс-шара ұйымдастырылады.

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» 5 наурыз күні «Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов» атты онлайн көрме өткізеді. Көрмені мына парақшалардан көруге болады. Facebook: Музей АЛЖИР; Instagram: museumalzhir; Youtube: Museum ALZHIR Astana.

«Nomad City Hall» сахнасында 6-7 наурыз күндері сағат 17:00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының мерекелік сый тартуы және «Қош, махаббат» спектаклі өткізіледі.

«Жастар театры» 6-7 наурыз күндері С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концертін өткізеді.

Айта кетейік, аталған іс-шаралардың бәрі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109