1587

Елордада COVID-19 инфекциясы қаңтар айымен салыстырғанда шамамен 34%-ға төмендеді

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ел астанасындағы эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Қабылданған шектеу және эпидемияға қарсы шаралардың арқасында қалада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда мамамен 34%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта қалада эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша матрицаға сәйкес апталық қарқынды көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда – 53,96. Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймақта» тұр.», - дейді Сархат Бейсенова.

Қалада барлық жастағы және контингенттер арасында CОVІD-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Биыл барлығы 6707 зертханалық расталған CОVІD-19 жағдайы тіркелді және 85 клиникалық-эпидемиологиялық расталған CОVІD-19 жағдайы ПТР-тестінің теріс нәтижесімен тіркелді.

«Тәулігіне 68 инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 симптоматикалық жағдай, 31 симптомсыз түрі. Сол сияқты 73 ошақ анықталды, оның ішінде: 54 үй, 19 ұйым. Сонымен қатар симптомдары бар науқастардың үлесі қаңтар айындағы 65,2%-дан ақпан айында 68,09%-ға дейін өсуі байқалады, атап айтқанда, 50 жастан асқан адамдар арасында симптомдармен сырқаттану 3,5%-ға өсті», - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

«Жұмыс істейтіндер жұқтыруға неғұрлым бейім болып саналады, олар жалпы сырқаттанушылықтың 48%-ын алады, бұл ұжымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталмайтындығын куәландырады. Қазіргі уақытта тіркелген 857 үй ошағы бар, онда 2161 қарым қатынаста болғандар медициналық бақылауда. Ал 2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында КВИ-дің 1103 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 263 немесе 23,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында 840 жағдай, яғни 76,2% құрайды», - деді ол.

Ол өз сөзінде қалада 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін, 1 наурыздан бастап педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлерін вакцинациялау басталғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта 1 компонентпен 2241 адам, 2 компонентпен – 824 адам қамтылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109