Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру аясында 3 наурыз күні ZOOM платформасында онлайн форматта елордалық ЖОО түлектері мен елорданың жұмыссыз жастары үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Бос орындар жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының ЖОО түлектері мен жастары арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, ісін жаңа бастаған және тәжірибелі жастарды нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.
Іс-шараға «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «Самұрық-Қазына» АҚ «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн рекрутинг платформасы, «Астана-Медикер» ЖШС, «Қазгидромет» РМК және басқа да компаниялар сияқты түрлі қызмет бағыттарындағы 30-ға жуық компания қатысты.
Жәрмеңкеге қатысу үшін 100-ден астам ізденуші тіркеліп, конференция барысында белсенді қызығушылық танытты. Жұмыс берушілер жұмыс тәжірибесі бар мамандарды да, студенттерді де өз ұйымдарына әрі қарай жұмысқа орналастыра отырып, практикаға шақырды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz