1686

Нұр-Сұлтанда иесіз не қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында иесіз, қараусыз қалған желілердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қаланың тыныс-тіршілігі инженерлік желілердің дұрыс жұмыс істеуіне тікелей байланысты. 2019 жылдан бастап иесіз не қараусыз қалған желілерді анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Аталмыш желілер қараусыз жатқан, пайдалану, ауыстыру немесе жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Қазір шамамен 2 мың шақырым иесіз инженерлік желілер анықталды. Олардың қатарына электрмен, сумен жабдықтау; кәріз желілері және т.б. жатады. Анықталған желілердің 1 мың шақырымы теңгерімге алынды. Сонымен бірге 800 – ден астам трансформаторлық қосалқы станция анықталды, оның 450-і балансқа алынды. Қалған желілер бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп, балансқа алуды тапсырдым. Бұл шаралар апаттық жағдайлардың туындау тәуекелдеріне жедел ден қоюға және оларды азайтуға мүмкіндік береді.

Инженерлік желілер бойынша мәселелерді кешенді түрде шешеміз. "Ақылды қала" жобасы аясында инженерлік желілерді цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл желілердегі жүктемені көруге, қай желіні ауыстыру қажет екенін, қай желінің қуатын арттырып не азайту қажет екенін көруге мүмкіндік береді. Қағаз жүзіндегі желілердің орналасқан жері туралы деректер әрдайым сәйкес келе бермейді.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуде, халықпен кері байланысты нығайтуда IKomek109 бірыңғай байланыс орталығы да көмектеседі. Ол коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіріп, тұрғындармен байланыс орнатты», - деп жазады елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109