Елордада карантиндік шектеулерге байланысты шерулер өткізуге тыйым салынады
Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысы жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа қаулы бойынша бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), сондай-ақ мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру және митингілер, шерулер, жиындар және т.б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz