2513

Елордада пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Қайырымды істер» марафоны мен 1 наурыз – Алғыс айту күні аясында елордалық меценаттарға алғыс хаттар табыстады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жобалық кеңсенің арнайы алғыс хатымен дизайнер Мансура Жәкен, кәсіпкер Жазира Әлиева, дизайнер Гүлнар Қасым, журналист Дәулет Мұқаев және кәсіпкер Дмитрий Инютин марапатталды.

«Қазіргі таңда республика көлемінде «Қайырымды істер» марафоны өтіп жатыр. Әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асып жатқан «Туған жер» арнайы жобасы бар. Осы жоба аясында елордалық меценаттар үнемі тұрғындарға түрлі көмек көрсетіп келеді. Пандемия кезінде де қаржылай әрі гуманитарлық көмек берілді. Алғыс айту күні қарсаңында осы кісілердің еңбегін елегенді жөн көрдік», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева.

Жобалық кеңсе директоры интерьер дизайнері Мансура Жәкеннің әлеуметтік жобалармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында жалпы құны 4 000 000 теңгелік авторлық 17 ағаш есіктің сертификатын табыстағанын мәлімдеді.

Ал кәсіпкер Жазира Әлиева пандемия кезінде елорда тұрғындарына көмек көрсеткен еріктілерге өз компаниясының дәруменді шырындарын сыйлады.
Қайырымды істер аясында кәсіпкер Дмитрий Илюшин де азық-түлік себеттерін таратқан.

Танымал этно-дизайнер Гүлнар Қасым карантин кезінде әлеуметтік желілерден онлайн шеберлік сағатын өткізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109