Елордада туберкулезбен күрес айлығы өтіп жатыр
2021 жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында елордада "Уақыт өтіп жатыр!" айлығы жүзеге асуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Елорда әкімдігінде өткен брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айлық кезінде туберкулез саласындағы мамандар халыққа осы аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлім етті.
Қаланың БМСК ұйымдарында туберкулездің алдын алу бойынша Ашық есік күндерін өткізу жоспарлануда.
"Бұл ұран - тек медициналық ұйымдарына ғана емес, қаланың барлық тұрғындары мен елорда қонақтарын туберкулезге тексеруден өтуіне, туберкулездің алдын алу және анықтау мәселелері бойынша білім деңгейін арттыруына, әркімнің өз денсаулығына қатысты белсенді жеке өмірлік ұстанымын қалыптастыруына шақыру", - деп атап өтті спикер.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен 2020 жылдың 23 қазанынан 23 қарашасына дейін туберкулезді ерте анықтауды қамтамасыз ету мақсатында «Туберкулезді тоқтат!» кең ауқымды акциясы өтті.
Акция аясында қаланың шалғай аудандарының тұрғындарын (Промышленный, Пригородный, Өндіріс, Көктал), елорданың сауда орталықтары мен базарларының қызметкерлері мен келушілерін жылжымалы флюорографиялық қондырғыларда тегін тексеру жүргізілді. Акция барысында туберкулезге профилактикалық тексеру кезінде 5000-ға жуық адам қамтылды, оның ішінде 104-і - тұрғылықты жері жоқ адамдар.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz