2444

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады

Нұр-Сұлтан әкімдігі қаланы көгалдандыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Елордада жаңа жасыл аумақтар мен жұртты баурап алатын орындар пайда болады. Биыл медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, құтқарушыларға арналған тақырыптық саябақтар мен скверлер ашу және абаттандыру жоспарлануда. Пандемияның алғашқы күнінен бастап олар вируспен күресуде алдыңғы қатарда жүріп, елдің дамуына және коронавирустың таралу қаупін азайтуға үлкен үлес қосып келеді.

Осылайша, "Қазақстанға арналған ағаштар" жобасы аясында "Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры" қоғамдық бірлестігі мен бизнес қоғамдастықтың қатысуымен медицина қызметкерлерінің саябағын көгалдандыруға өз үлесін қосады. Сондай-ақ trees4kz.com платформасы арқылы "Ustaz Alany" жобасын жүзеге асырады.

Экологияны жақсарту және қала тұрғындарының уақытын көңілді өткізуіне қолайлы орындар ашу үшін биыл елорданың барлық ауданында ауқымды көгалдандыру тұжырымдамасы жалғасатын болады. Осылайша Қазақ елі алаңында, Бейбітшілік және келісім сарайының, Оқушылар сарайының, вокзалдың, әуежайдың, СОО-лардың, тұрақ кеңістігінің және т.б. аумақтарда ағаштар отырғызу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, "Астана Балет" маңындағы аумақта – жасыл бақ, "Астана Опера" аумағында – емен бағын, ал Триатлон паркте – мамыргүл бағын орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қалада аулалар мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жалғасатын болады. 2020 жылдың өзінде елорда әкімдігі 76 гектар аумақты абаттандырды. Бұл - 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, бульварлар, скверлер) және 150-ден астам аула.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109