2048

Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен елордалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе кәсіпкерлік субъектілерін аралап, «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалануды түсіндіру бойынша баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш пилоттық жоба жұмысының аралық қорытындысы туралы айтқан болатын.
Оның айтуынша «Ashyq» пилоттық жобасын жүзеге асыру елордада 17 қаңтарда басталды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қосымша алдымен фитнес орталықтар, спа орталықтар, сауналар мен бассейндерде енгізілді. Яғни, клиенттердің қосымшаны жүктеу және QR-код бойынша сәйкестендіру бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ететін ресепшн жұмыс істейтін нысандар таңдалды.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш бастаған топ «Ocean Baby Academy» ЖШС, «Думан» боулинг-орталығы мен «WangBa» компьютерлік клуб нысандарына барып, қосымшаны пайдалану барысымен танысып шықты.

«Ashyq» мобильді қосымшасы жұмыс істеуімізге үлкен мүмкіндік береді. Адамдар спорттың бұл түрін сағынып та қалды. Себебі боулинг ең алдымен көңіл көтеру түрі емес спорт болып саналады. Кешеден бері QR-код алып жұмыс істей бастадық. Келушілер болды, 30 адамға қызмет көрсеттік. Бәрінде де көк мәртебе болды. Қызыл және сары мәртебе болған жоқ. Арнаулы оқудан өттік. Оның барысында қызыл мәртебесі бар адамдарды мекемеге жібермеу керектігін, міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабарлау қажеттігін түсіндік. Қызметтерге қауіпсіз қызмет көрсету үшін жұмыстар жүргізіледі. Әр ойыннан кейін боулинг шараларын арнаулы сұйықтықтармен тазалап отырамыз», – деді «Думан» қонақ үйіндегі боулинг орталығының басшысы М.Жанғожин.

Қуанышбек Мұқаш «Ashyq» пилоттық жобасы кәсіпкерлердің жұмысын босатып, шектеулерді жеңілдету үшін жасалған қосымша екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыруға 39 кәсіпкер өзінің келісімін білдірді. Соның 33-і қосымшаға қосылды. Экономикалық жағдайға байланысты кейбір компьютерлік клубтар бас тартты. Техника жағынан ешқандай кедергі жоқ. «InfoKazakhstan» порталына электронды түрде өтінім беріп, одан QR-кодты алады», – деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109