Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының тұрғын үй алаптарында орналасқан фронт-офистерде ай сайын бірнеше күн бойы жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдері берілетін болады. Бұл шаралар жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы ауданының әкімі Бектенбай Есполов мәлім еткендей, "Қазпошта" АҚ басшылығының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қолдауымен Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алаптары тұрғындарының өтініші бойынша әр айдың 4-інен 4 жұмыс күні ішінде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін фронт-офистерде жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдері берілетін болады.
Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу кезеңінде әр айдың 15-інен бастап 4 жұмыс күніне дейін (демалыс және мереке күндеріне түскен жағдайда жұмыс күнін ауыстыру арқылы) тұрғындар үшін "Қазпошта" АҚ-ның "мобильді поштасы"жұмыс істейді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz