2285

Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр

Елорданың айналасындағы жасыл белдеуде бүгінде 11 миллион ағаш пен екі миллионға жуық бұта бар. Бұл жерді зиянкестер мен кеміргіштерден қорғау жұмысы жыл бойы жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ағаштар мен бұталарға қояндар жиі қауіп тудырады. Қыста үлкен ағаштардың қабығын аршып қана қоймай, жас бұталардың түбін қопарып тастайды.

Жасыл белдеудің ағаштар мен бұталар егілген тұсына тек шаңғымен жетуге болады. Бұл жердегі қардың тереңдігі кем дегенде бір метр. Қызметкерлер қорғаныш костюмдерімен жүріп, креолин себу жұмыстарын жүргізуде.

Ардақ Хасенов, көшеттерді күту жөніндегі компанияның бас агрономы:

"Бұл негізінен қыс мезгілінде азық қорының жетіспеуіне байланысты. Қояндар биоценоз бөлігі болғандықтан оларды жойып тастай алмаймыз. Сондықтан біз ең көп зақымдалған ағаштарға, яғни жеміс-жидектерге үркітетін препараттар себеміз".

Оның айтуынша, препараттан ағаштарға да, жануарларға да зиян жоқ. Күн суығанда екі рет жүргізіледі: қыстың басында және соңында. Жасыл белдеудің аумағы 14 мың гектардан асады.

Айдар Рашид, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бөлімінің бас маманы:

"Бұл жер учаскелерінде ағаштардың белгілі бір түрлерінің тіршілік ете алуы тексерілуде. Ғылыми тәсілдер негізінде ағаштардың белгілі бір сорттарын себеміз. Биыл біз 800 мыңнан астам көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз. Оның 60 мыңы – қарағай. Егер ағаштар қабықсыз қалса, өліп қалуы мүмкін. Оларды қорғау керек. Ал қояндардың санын табиғи түрде реттеу мүмкін емес".

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109