2289

Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жұмысына салақтық танытқан құрылыс қомпаниялары қара тізімге енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін Есіл ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысан құрылысымен таныстым. Жеңілдікпен берілетін баспана салу рекордын биыл да қайталау үшін, алғышарттарын былтыр-ақ дайындаған едік. Бірнеше әлеуметтік баспана ғимараты салынатын осы ауданда 2 мың оқушыға шақталған мектеп те салынып жатыр, осылайша, екі ауысымда оқитын қосымша 4 мың оқушы қамтылады.

Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді, үйлер мен оқу нысандарының сапасын ерекше назарда ұстауды тапсырдым. Салғырт құрылысшылармен келісімді үзіп, қара тізімге кіргізетін боламыз.

Биыл, шамамен 10 мың - жеңілдікпен берілетін баспана тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Салыстыру үшін: жеңілдікпен 2018 жылы - 1 100 пәтер, 2019 жылы – 2 900, ал 2020 жылы - 7 мыңнан астам әлеуметтік баспана берілген екен. Мемлекет басшысының нұсқауымен жеңілдікпен берілетін баспана құрылысын жүйелі түрде арттырып жатырмыз.

Білім ошақтарының құрылысына келетін болсақ, биыл барлығы 40 мың орынға мектептер ашамыз. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есеге, ал 2019 жылмен салыстырғанда - төрт есе көп.

Енді мектептерді габаритті етіп салуға көшпекпіз. Бұған қоса, 5-жылдық кешенді жоспарға сәйкес мемлекеттік 50 мектеп саламыз. Білім ошақтарының құрылысына жеке инвестиция да тартылып жатыр», - дейді қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109