1951

Елордалық спортшылар қарттар үйінің аналары мен коммуналдық сала қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аналарға гүл шоқтары, сыйлықтар мен азық-түлік таратты.

"Біздің спортшылар үнемі қайырымдылық іс-шаралардың басынан табылады. Бүгін олар біздің қымбатты аналарымызға, әжелерімізге, ардагерлерімізге мерекелік көңіл-күй сыйлауға келді. Алдағы таңда да біз қашанда көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.

Қарттар үйінің 83 жастағы әжесі Айғаныс спортшыларға алғыс айтып, батасын берді.

"Біз әжемізден бата алғанымызға өте қуаныштымыз. Барлық аналар мен әжелерді мерекемен құттықтаймыз",-деді муай-тайдан әлем чемпионы Алмаз Сәрсембеков.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109