2221

Елорданың жетістіктері сіздермен байланысты - А. Көлгінов әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Ардақты аналар, аяулы әпке-қарындастар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке қарсаңында бірқатар концерттер ұйымдастырылды. Қызметкерлеріміз азық-түліктер апарып беруде. Сіздерге деген алғысымызды жеткізу мүмкін емес!

Әйел – сұлулық пен нәзіктік символы. Шаңыраққа береке мен жылу сыйлап, өскелең ұрпақ тәрбиесінде алар орындарыңыз ерекше. Тек өз балаларыңызды тәрбиелеп қана қоймай, ұлтымызды тәрбиелеп келесіздер. Сіздер баға жетпес байлық – өмір сыйладыңыздар!

Нәзік жандарымыздың еңсермеген қиындығы мен  жетпеген жетістіктері кемде кем. Тәуелсіз еліміз бен елордамыздың жан-жақты дамуына өлшеусіз үлес қосып, ер азаматтармен қатар иық тіресе күрделі салаларда да айтарлықтай жетістіктерге жеттіңіздер. Балаларды оқытып, оларға білім беріп жүрсіздер. Науқастарды қамқорсыздар. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп келесіздер.

Елордамыздың жеткен жетістіктері өздеріңізбен тығыз байланысты. Сіздер кез келген салада өздеріңіздің іскерлік қабілетіңіз бен кәсібилігіңізді көрсетіп келесіздер.  

Осы орайда, Мемлекет басшысы әйел азаматтарымыздың әлеуетін де назардан тыс қалдырған емес. Бүгінде, басшылық қызметтерде нәзік жандардың үлесі артып келеді.  

Елбасы өз сөздерінің бірінде «Мына әлем әйелдердің мейіріміне байланған, отбасы неғұрылым берік болса, мемлекет те соғұрлым күшті» деген болатын. Мемлекет осыған қажет жағдай жасау үшін жұмыс істеуде.

Сіздерге, ашық-жарқын көңіліңіз, үйдегі жылу пен жайлылық, талантыңыз бен кәсіби шеберлігіңіз үшін алғыс айтамын! Жаңа шыңдарды бағындыруға шабыттандыратын да өздеріңіз! Жылдың әрбір күні қуанышқа, бақытқа және жағымды тосынсыйларға толы болсын!» - деді Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109