1770

Нұр-Сұлтанда жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Алматы ауданында орналасқан жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен танысқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Алматы ауданында орналасқан жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылып жатыр. Сонымен бірге, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін "үй жанындағы дәрігер" нысандарын ашамыз. Оған қоса, ауданды шамадан тыс жүктемеу үшін жоба бойынша паркинг құрылысы жүргізіліп жатыр.

Елорда аудандарын "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер - жоспарының тұжырымдамасы аясында, орталықтандыру қағидаты бойынша дамытудамыз. Бұл дегеніміз - барлық қажетті әлеуметтік нысандар мен демалыс орындарының жақын жерде орналасуы.

Үйдің сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырдым. Құрылыс аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыруға кірісеміз.

Биыл, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109