1679

Нұр-Сұлтанның боулинг орталықтары қандай жағдайда жұмысын қайта бастайды?

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың 2021 жылғы 3 наурыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олардың бірі – боулинг орталықтардың жұмыс кестесін құру, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Айта кету керек, пандемияға байланысты елорданың боулинг орталықтары бір жылға жуық жұмыс істеген жоқ. Елорданың санитарлық дәрігері қол қойған өзгерістерге сәйкес, шектеу шаралары туралы қаулыға осы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қайта жандандыруды реттейтін тармақ енгізілді.

«Боулинг орталықтарының жұмысын тек қана «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін 50%-дан аспайтын, бір уақытта бір ойын жолағында 6 адамнан аспайтын, ал жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып қамтамасыз ету керек. Бұл ретте конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа), ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар өткізуге жол берілмейді», - делінген құжатта.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109