2065

Елордада СПА, компьютерлік клубтар мен бассейндер қалай жұмыс істейді?

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы шектеу және карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оған сәйкес, жабық бассейндер, СПА-орталықтар мен компьютерлік клубтардың жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, СПА-орталықтар, СПА-салондар, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттер күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, бірақ қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 3 келушіден аспайтын режимде жұмыс істей алады.

Саунасы бар жабық бассейндердің жұмыс кестесі де штаттық режимде белгіленген.

Мұндай өзгерістер компьютер клубтарының жұмысына да әсер етті:

«Ashyq» пилотына қатысатын компьютер клубтарының жұмысына рұқсат етіледі. Келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақталуы, толымдылығы 50%-дан аспайтын жағдайда, сондай-ақ жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Тек 18 жастан асқан адамдарға рұқсат етіледі», - делінген құжатта.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109