2130

Елордада теннистен еліміздің қысқы чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде қала әкімдігінің қолдауымен теннистен еліміздің қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге еліміздің барлық аймағынан 100-ден астам спортшы қатысады.

«Турнир тартысқа толы болады деп күтіліп отыр. Себебі мүмкіндігін мүлт жібермейтін жастар танымал спортшылармен күш сынасатын болады. Ойыншылардың өз шеберлігін көтеруге, жарыс тәжірибесін және спорттық разрядтар алуға мүмкіндігі болады. Ел біріншілігі үздік спортшылар мен жаңа есімдерді анықтауға көмектеседі.

Турнир көрермендерсіз және Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Тіркелген қатысушылар мен олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ, жұмылдырылған қызметкерлер ПТР тест тапсырады және жарысқа тізім бойынша қатыстырылады», - деді турнирдің директоры және «Дәулет» теннис орталығының басшысы Дина Темірғалиева.

Ел чемпионаты турнирлер арасындағы ең беделдісі болып саналады. Алтын және күміс медаль иелеріне ҚР спорт шебері, ал жартылай финал спортшыларына спорт шеберіне үміткер атағы беріледі.

Қазақстан теннис федерациясы турнирдің ойыншыларына қолдау көрсетеді. Бірінші орынға ие болғаны үшін – 5000, екінші орынға – 3000, ал қола жүлдеге – 2000 АҚШ доллар беріледі.

Чемпионаттың негізгі турнирі алғашқы 8 орын ойнау арқылы, екі жеңіліске дейін, яғни олимпиада жүйесі бойынша өтеді, ал олимпиадалық жүйе бойынша жұптық разряды 1 және 3-орындарға өтікізіледі.

6-7 наурыз – біліктілік матчтар;
8-12 наурыз – негізгі турнир матчтары.

Турнирдің ұйымдастырушылары: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан теннис федерациясы және «Дәулет» теннис орталығы.

Ел біріншілігі, мына мекенжайда өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Қордай көшесі 6, «Дәулет» теннис орталығы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109